Тәуелсіздік немесе 16 желтоқсанда туған ой – Қанатұлы Нұргелді

Бұл бетте «Тәуелсіздік немесе 16 желтоқсанда туған ой» атты Қанатұлы Нұргелді жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.

Қара түнек,көрінбейді ештеме...
Зарлы заман,бәрі-бәрі есте ме?...
Қиналдың да,зарықтың да,
Нұр күн туар ерте ме жоқ кеште ме!
Жарық сәуле шығатынын сеземін,
Елдің жарқын ертеңіне сенемін,
Қиын болса,барлығын да жеңемін!
Тәуелсіздік сені жақсы көремін
"Бақыт деген не?" десе
Тәуелсіздік дер едім!
Бақыттысың сен неге?
Тәуелсізбін дер едім.
Тәуелсіздік мен сені
Көгершінге теңермін!
Тәуелсіздік жоқ болсаң,
Мен шынымен кім едім?!
Сондықтан да мен сені
Бар байлыққа теңедім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар