Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген…

Өмір деген өтіп жатқан сәт мынау,
Өмір деген үлгерем деп шапқылау,
Өмір деген жерге түскен жапырақ
Өмір деген шашқа түскен ақ қырау…

Көңіліңе кейде тиер қаттылау,
Ал кей-кейде тіл үйірер тәтті бал.
Өмір деген қолда болса қуану,
Болмай қалса болмашыдан бақ құрау.

Өмір деген өшпейтіндей жарқырау
Әр күніңнен, әр сәтіңнен мән құрау
Өмір жайлы жазылады көп өлең
Өмір жайлы таусылмайды талқылау.

Өмір деген сәбилердің жаз үні,
Өмір деген әжелердің әжімі,
Өмір деген әлсіздердің көз жасы,
Өмір деген мықтылардың азуы…

Айта берсең, көп қой оның қыр-сыры,
Өмір - өрнек, уақыт оның ұршығы.
Өмір деген қалықтау мен құлдырау
Кезек-кезек бір сыны мен бір шыңы.

Өмір деген жүректердің дүрсілі…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отан туралы өлең

  • 1
  • 0

Анау таулар, көк пен бел,
Аманат қой өткеннен
Сүймей оны қайтемін!?
Басқа Отан жоқ менде…

Толық

Қарап көріңіз