Бұршақ – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Бұршақ» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1359
Бұршақ кең даланы
Төпелеп барады.
Күйiнген күйiмде,
Тыпыршып үйiмде,
Уайымдап отырмын,
Күтiп мен ақырын.
Жүр едi еңiсте
Қозы-лақ өрiсте,
Баспана паналар
Қай жерден таба алар,
Бұршақта қалды-ау, – деп,
Бастарын жарды-ау, – деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері