Өлең, жыр, ақындар

Сәби - ана

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 42
  • 115763
Айналғанда аядай қалашықты,
Алдымыздан кішкентай Ана шықты.
Қырда отырған ауылға апаратын
Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.
Бір қолында батпандай қуыршағы,
Бір қолында ойыншық құлыншағы.
Екі жансыз мүсінді мәпелейді,
Мәпелейді, біресе ұрысады.
Қарадық та, селт етпей жанарымыз,
Алжығанға санадық Ананы біз.
...Бораны ұлып, бетінен боздағы ұшқан,
Сұлап жатыр далада жаралы күз.
Бәйек болмай отырған жан қалмады,
Сонда да Ана назарын аудармады.
Сәбидейін өзімен-өзі болып,
Қуыршақ пен құлыншақ алданғаны.
Сөзге тартпақ болып ек, естімеді,
(Адам қалай оп-оңай ескіреді?
Адамның ғұмырынан қысқа не бар,
Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді).
- Жастар-ай, жамандық жоқ көңіліңізде,
Мына отырған Ана кім, көрдіңіз бе?
Бір күрсініп алды да, отырған қарт
Ана өмірін баяндап берді бізге.
(Ана халін қарттан біз ұғындық кең)
Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен,
Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен!
Сәби-ана сапардан ұлын күткен.
Сұрапылдан сәбиі оралмапты,
Қуыршақ пен құлыншақ содан қапты.
...Қара жолды қаптай кеп тозаң жапты,
Қаралы күз қайтадан борандатты.
Ымырт ауыр салмақпен далаға енді,
Қап-қара жамылғысын ала келді.
Ауылына жетті де сәби-ана,
Ойыншығын құшақтап қала берді.



Пікірлер (42)

Ұлжан

М.Мақатаев-ұлылардың ұлысы.

Данияр

керемет

Данияр

керемет

Арайды

Ғажап!

Сабрина

Кандай кушти

Сабрина

Керемет

нұрай

мен үшін мұқағалидың өлеңдері дүниедегі өлең дерден әдемі

Шугыла

Мен Мукагали атамды пiр тутамын.Асиресе Жок даригер олени журегиме жакын

Марал

Керемет

Әлима

ғажап

аигерим

Маган мукагали макатаев атамнын уш бакытым олени унайды

таншолпан

тангаларлык олендер

Айгерим Нусипкожа

Оте Жаксы

Аружан

Өте керемет көзіңнен жас шығармай қоймайды

Жасмина

Өте жақсы өлеңдер

Улан

Кушты Адам аттары бар олен

сая

керемет өлеңдер

Əсел Абдураймова

керемет!!!

Аяжан

оте адемы

Жадыра

Тамаша

Қасиет

Маған мұқағади атамның анашым деген өлеңі ұнайды

.

Ғажап.жылататын өлең

Азира

Сөз жоқ
керемет

Сейтжан Айым

Керемет олендер жинагы.

дина

өте керемет отан туралы өлеңі

Сұлу

Өте керемет

Тоқжан

мені жылатқан өлең -Соқыр ана . Өте тамаша өлеңдер!

Темірлан

керемет

жандос

ғажап таңғаласың

Шеризат

Қайта тумас ақын аға

Өте кремет

Керемет

Қарақат

керемет Кернмет

Аружан

Керемет Мен Мұқағалидің 20 өлеңін жаттадым.

Мадина

Маған Мұқағалидін өленітұнады

Дильназ

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері өте мағыналы. Керемет!

Нұрəли

Сəби-ана өлеңі керемет

АЛИХАН ҚҰСАЙЫН

ӘДЕМІ

Myrza

Өте керемет!

Құсайын алихан

өте керемет

АҚЖАРҚЫН

Мұқағали Мақатаевтың Сәби - ана өлеңі ұнады, рахмет!

Айғаным

Керемет

Сезим

Күшті тақпақ! Мен жарыста жеңу үшін осы тақпақты айттым. Барлығына ұнады осы тақпақ!! Керемет, рахмет сіздерге, мен енді Алматы жарысына барайын деп жатырмын. Рахмет барлығына және 1 наурыз құтты болсын!!!!

Пікір қалдырыңыз

Сен менің жүрегімді жазалама

  • 1
  • 3

Сен менің жүрегімді жазалама,
Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да,
Жүрек деген - сезім ғой, сезіміме
Сезіммен кел, болмаса мазалама.

Толық

Асығып алыс күндерге

  • 1
  • 4

Асығып алыс күндерге,
Бір белден асып, бір белге,
Адасып қалмай бір жерде,
Айсыз қара түндерде,

Толық

Кейіме, інім

  • 1
  • 2

Кейіме, інім,
Сен тартқан мұңды мен емгем,
Кеткенмін сосын,
Өзімді-өзім жебеумен.

Толық

Қарап көріңіз