Әже сен бірге жүрсің меніменен

Бұл бетте «Әже сен бірге жүрсің меніменен» атты Мұқағали Мақатаев жазған әже туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрген бір кемпір көрсем
Ақ кимешек астынан сені көрем

Өңі, түсі өзіңнен бір аумайды
Немересін ертпесе жүре алмайды
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі
Көзіме оттай басылып алаулайды

Аппақтығы ұқсайды әрінің де
Әжімің де аумайды, тәлімің де
Әлемдегі әженің бәрі бір ме
Әже сен тірі екенсің әлі күнге

Қия өтпейді, ұқсайды ізеті де
( Ізетсізді бұларда күзетуде )
Бұларда бабасынан алып қалған
Өз жұртының дәстүрін күзетуде

Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрінсе сені көрем
Ақ кимешек жоғалса нені көрем


Пікірлер (14)

Арайлым

Мұқағали Мақатаевтың Әже сен бірге жүрсің меніменен өлеңі керемет

Айтолкын

Норм

Айтолкын

Керемет

Назира

Өте тамаша

Айжұлдыз

Өте керемет ????

адам

гдз жок екен енді көшіріп алайн

Улар

Өте керемет

Раяна

Өте әдемі және терең мағыналы

Пр

Ұш

Кәусар

Өте керемет!!

Майра

Ақ жаулықты әжелер аман болсын

Нур

Мұқағали Мақатаевтың "Әже сен бірге жүрсің меніменен" өлеңі – қазақ лирикасындағы әже бейнесіне арналған ең әсерлі туындылардың бірі.

Аяжан

Өте өте керемет маған қатты ұнады♥🌹💋🥰

Аяжан

Өте өте керемет маған қатты ұнады♥🌹💋🥰

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әже сен бірге жүрсің меніменен өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Әже сен бірге жүрсің меніменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әже сен бірге жүрсің меніменен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әже туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әже сен бірге жүрсің меніменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері