Құшағыңды аш, Қызылорда! – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Құшағыңды аш, Қызылорда!» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 863
Құштар көңіл ұлың келді,
Құшағыңды аш, Қызылорда!
Сен жасырма сырыңды енді,
Өткен жылдар ізі бар ма?
Өткен жылдар,
Өткен күндер
Батыра ма бүгін де ойға.
Өтіп кетпей өкпек желдей,
Сыр айта ма, сыбырлай ма?
Кезің болса есең кеткен,
Толтыруын тілейді елің.
Жыр жаңбырын нөсерлеткен
Қайда Сырдың сүлейлері?
Жұмбақ өмір – өткенімен
Жоғалған көл, шөккен қала.
Жақаевтың кетпенімен
Жайнап, түлеп кеткен дала.
Тарихыңды тыңдатасың,
Бір сыбаға тартайын мен.
Бүгін тағы тіл қатасың
Тұрмағамбет, Нартайыңмен.
Жасырыпты-ау жүзін ол да,
Асқақ едің Асқарыңмен.
Құшағыңды аш, Қызылорда,
Сырласайын жас-кәріңмен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құшағыңды аш, Қызылорда! өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Құшағыңды аш, Қызылорда! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құшағыңды аш, Қызылорда! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құшағыңды аш, Қызылорда! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері