Өлең, жыр, ақындар

Жусан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Сіміріп нұрын аспанның,
Өн бойың түгел күміс көк.
Құмарлық кілтін ашқанмын,
Жусаным, сені иіскеп.
Атадан қалған асылдай
Соншама маған жақынсың.
Жасаурап көздің жасындай,
Сен неге кермек татисың?!
Өзіңдей, бәлкім, дүние,
Төсінде дала – дарқан бақ.
Батырлар сенің түбіңе
Аттарын кетті-ау арқандап,
Қыртысын жердін бүтіндеп,
Шырқадың, бәлкім, жол әнін.
Тұрсың сен гүлдеп, лүпілдеп
Жүрегіндей даланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жусан өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Жусан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жусан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жусан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері