Жарайсыңдар жігіттер, жарайсыңдар – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Жарайсыңдар жігіттер, жарайсыңдар» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жарайсыңдар жігіттер,жарайсыңдар,
Жүрсеңдерші несіне қарайсыңдар.
Алынбай тұр әліде нелер қамал,
Алдыңда бар әліде талай сындар.

Аттанайық жігіттер аттанайық,
Қараң қалсын біздерге таққан айып.
Арымызды айыпқа құндақтап ап,
Болашақтың алдына апарайық.

Несібеміз бар шығар еселенген,
Өтелмесе көрейік пешенеден.
Дүбірлетіп өтейік бұл дүниені,
Көшелерді қосайық көшеменен.

Бойда жан кеудеде қан қуат бар да,
Нұр болып құйылайық шуақтарға.
Немесе оқ болып атылайық ,
Біздерді тыңдамаған құлақтарға.

Тек өлмейік намысты қолдан беріп,
Қолдасайық жасайық қорған берік.
Ата қазақ анасы деседі ғой ,
Жолбарыстың жүрегіне болған жерік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері