Махаббат па?
Бұл бетте «Махаббат па?» атты Мұқағали Мақатаев жазған махаббат туралы өлең берілген.
Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.
Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек, солған кеуде.
Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен
Жанымменен сүйемін, жанарыммен.
Сағыныш па?
Калай оны тауыса аламын.
Сағынғамын, шөлдегем, аңсағамын,
Ақыры шаршағамын, шаршағамын.
Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес.
Үйықтасам, түнде түсім, көңілде елес.
Өлгенше кетер емес көңілден еш...
Мұқағали Мақатаевтың Махаббат па? өлеңі ұнады
Осы өлен өте әдемі. Керемет жазылған.
Керемет
Керемет ұнады