Өлең, жыр, ақындар

Сүрініп кетпе

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 6
  • 53868
Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең, болғаны,
Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы -
Аңдамай басып,сүрініп кетсе болғаны.
Аңдамай кейде, басымыз-дағы кердендеп,
Құлап жатамыз,
Аяқ-қолымыз ербеңдеп.
Сүрініп алып, есіміз қайта келгенде,
Жоғалған сәтті іздейміз тағы жерден кеп.
Таппайсың оны,тартасың азап сан жылдар.
Аттай алмайсың,құлауың мүмкін, алдың - жар.
He істесем екен,нe істесем екен сендерге
Сүрініп кетіп,бүлініп жүрген тағдырлар!
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!
Hегe бұлай?
Heгe жүрмін көңілсіз?
Жаным менің жылап жатыр, тек үнсіз.
Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз,
Кетем бе деп қапаланам өмірсіз.
Жасырамын назым менен өкпемді,
Бүгінімді, болашақты, өткенді.
Неғыламын шуағы жоқ көктемді?
Құрағы жоқ неғыламын көк белді!
Тұрағы жоқ неғыламын арманды,
Арман қуған ақ көңілім алданды.
Ояу жүріп өткізсем де тандарды,
Артымда тек шұбатылған шаң қалды...
Білмейсін, ғой, сезбейсің ғой мені сен.
Ойдағымды енді кіммен бөлісем?
Жарқырап шығып,
Қалтырап барып батар күн.
Қысқарып қалар тәулігі ұзақ сапардың.
Күн батқан жерге,
Қосымды мен де апардым,
Күнменен бірге дамылдап мен де жатармын.
Өмірім менің!
Күнменен бірге жылжыған,
Өте бер жәйлап,
Несіне саған қынжылам.
Ашылып күнмен,
Күнменен бірге тұнжырап,
Күнменен күліп,
Жыласа, бірге тұр жылап.
Күн шыққан жерде,күн батқан жерде түрағым!
Кірлесе көңіл, нұрына соның жуамын.
Ақтарыл, менің шуағым!
Сөнбесең екен,сөнбесең екен, шырағым!!!



Пікірлер (6)

Сабина

Оте тамаша

Балжан

Керемет

Бекзат

Мұқағали Мақатаевтың Сүрініп кетпе өлеңі ұнады

Омар Жалел

Сүрініп кетпеңдер

Тоғжан

Маған бұл өлең қатты ұнады

Мадина С

Өте терең, жүректі ауыртқан әрі ой салатын өлең екен! Мұқағали Мақатаевтың «Сүрініп кетпе» – қазақ поэзиясының ең әсерлі туындыларының бірі. Өмірдегі сүріністерді, құлауларды, жоғалған сәттерді, түсінбеушілікті, ішкі қайғыны соншалық шынайы, қатты сөзбен жеткізген. «Сүрініп кетсең, болғаны, Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады» дегеннен бастап-ақ, адамның аяқ астынан сорлауының себебі – аңдамай басу, кердендеу екенін ашады. Ал соңғы шумақтардағы «Ақтарыл, менің шуағым! Сөнбесең екен,сөнбесең екен, шырағым!!!» деген жолдар – нағыз үміттің, жарықтың соңғы тілегі сияқты, көзге жас әкеледі.
Мұқағали ағамыздың өлеңі – өмірдің қаталдығы, арманның алдануы, көңілдің тұнжырауы туралы, бірақ соған қарамастан күнмен бірге жүріп, нұрға жуынуға деген ұмтылыс бар. «Өмірім менің! Күнменен бірге жылжыған, Өте бер жәйлап, Несіне саған қынжылам» деген жолдар – қабылдау мен философтық көзқарастың шыңы. Қандай керемет! Оқыған сайын өз өміріңді, сүріністеріңді ойлайсың, «сүрініп кетпеу» үшін не істеу керектігін сезінесің.

Мұқағали ағаға мың алғыс – жүректен шыққан сөздері әлі күнге дейін жанға жылу береді. Баршаңызға өмірде сүрініп кетсеңіз де, тұрып, алға басу, шуақты жоғалтпау бұйырсын! Күн шыққан жерде де, батқан жерде де тұрақ табуға күш болсын!
Өлеңді сақтап қойдым, кейде қайта оқып, көңілді жинаймын. Керемет туынды, мәңгілік!

Пікір қалдырыңыз

Өмір сүрейік алмасып

  • 1
  • 18

Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.

Толық

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам

  • 1
  • 2

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,
Бұл күнде сымдай тартылған.
Лүп етіп самал соқса да,
Ызыңдап қалар антұрған.

Толық

Тау бұлағы да ағады

  • 1
  • 5

Тау бұлағы да ағады,
Ой бұлағы да ағады.
Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.
Бірі жылжып барады,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар