Фантазия – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Фантазия» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1267
Түн болғанда қарасаң,
Көресiңдер, балалар:
Жарқыраған тамаша
Аспанда бiр қала бар.
Қаланың ең алыбы
Бүкiл көктi жайлаған.
Терезелер жарығы
Жұлдыз болып жайнаған.
«Құс жолы» – бас көше де,
«Ай» автобус мiнетiн.
Жолаушыны нешеме
Тасымалдап жүретiн...
Бұл қаланың жандары –
Бəрi талант, бəрi ақын.
Таңға сөнбей шамдары
Өлең жазып жататын...
Аспанда бiр қала бар,
Тұратын кiл даналар.
Сенбесеңдер, балалар,
Түнде көкке қараңдар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері