Теңізші – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Теңізші» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1991
Арманым бар ең iзгi,
Армандаумен келем мен.
Матрос болып теңiздi
Жүзсем кешiп кемемен.
Теңiз дейтiн күштiмен,
Алысуға жарасам.
Тау толқындар үстiнен,
Алыстарға қарасам.
Желбiреткен төбеге
Көкшiл туын елiмнiң.
Алып, алып кемелер –
Бөлшегiндей жерiмнiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері