Рақат азап – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Рақат азап» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 597
(1814)

Күндейді Жұртқа тіс жарма
Білсін тек дана сырыңды.
Өлімге ғана құштарға
Арнаймын мадақ жырымды.
Ләззатты күңгірт ымыртта
Нәресте бітер кезінде,
Маздаған майшам жым-жыртта
Ұққандай болдым өзім де:
Зұлмат түн құлы емессің!
Арманың шалғай алыста:
Дүниеде мынау көмескі
Асықсың ару ғарышқа.
Бел бекіп. қатар қанатың,
Сапарың сара сарнаған,
Отың да дайын жанатын,
Өлер шақ осы, пәруанам.
Өлімнен өмір басталған:
Ұғынбай соның жетесін,
Дүниеге мынау тас-талқан
Мейман боп, тұнжыр өтесің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері