Өлең, жыр, ақындар

Құмарланып, қауышу

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 522
(1815)

Өңім бе, жаным, жарығым,
Сенбісің?.. Төсің?... Қолың ба?
Сағынып, аңсап, сарылып,
Өлер ме ем. әттең. жолыңда!
Төресі асыл сезімнің
Өзіңсің шуақ шаттығым.
Есімде бұлты төзімнің,
Алыстан ынтық кезімнің,
Аңсама, таңды... тап тыным.
Тегі ме жан мен тәніңнің,
Тегеуірінді бір күш баурады.
Әмірін берді Тәңірім,
Бұйрығы бізді жаулады.
«Жаралсын!»—деген үн өктем
Қас-қағым сәтте таралды.
Берекесіз у-шу түнектен.
Бейкүнә дүние жаралды.
Жарылды жасын биікте,
Жыртылды жым-жырт түн-түнек
Ұқсап бір үріккен киікке,
Дүние кетті күркіреп.
Аспан — Жер сыры жұмбақ тым
Бір-біріне ата жауындай.
Тып-тынық әлем — жұмақтың,
Қойнауы құтты дауылдай.
Мылқау түн түйді қабақты,
Жалғыздық қысып құдайды.
Көк шатыр тігіп Жаратты —
Шығыстан таңды шырайлы.
Таңғы арай тілеп мархабат,
Бояулар жайпап құлпырды.
Патшалық құрып махаббат,
Дүниеге өмір-жыр тұнды.
Бейкүнә сезім қайырылмас,
Шын ғашық тынбас қауышпай.
Табысқан жүрек айырылмас,
Жұмылмас көздер табыспай...
Тәуекел у ма, шырын ба?!
Қосылсақ болды сіз бен біз.
Жаратқан, Сен де тыным ал,
Жаратушы енді біздерміз!
Көктемнің бұйрық жөнімен,
Құшағыңа ендім қиырдан.
Көк түннің жұлдыз — мөрімен,
Некеміз біздің қиылған.
Шаттық та шалқып тасыған,
Қайғы да жанды жайлаған,
Тәңір де өзі қосып ап,
Ажырата алмас қайтадан!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

GINGO BILOBA

  • 0
  • 0

Менің бақшама келіп түскен,
Жалғыз жапырақ Шығыстан,
Түсінер жан болса егер,
Оның өте құпия сыры бар.

Толық

Баянсыздық

  • 0
  • 0

Мөлдір бұлақ қайырында жаттым мен,
Ерке тасқын шаттығына баттым мен —
От құшағы құшағыма қауышып,
Күліп толқын, қытықтайды, кетеді,

Толық

Өлең және мүсіндеу

  • 0
  • 0

Мейлі грек, қара батпақ балшықтан,
Соға берсін әсем, кербез сымбатты,
Мейлі мәңгі сол мүсінге болып таң,
Төксін лебін жалын атып тым қатты.

Толық

Қарап көріңіз