Мойындау – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Мойындау» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 647
(1815)

Жасырам деме жалынды
Өшер де, кетер дерегі.
Тал түсте жалын — сағымды
Түтіні-ақ ұстап береді.
Жасыра алмас шын ғашық,
Жүректе тұнған сезімді.
Жүзіңнен сұп-сұр, сұр қашып
Өрт буар екі көзіңді,
Өлеңді жасқау, тұмшалау —
Қасірет. Жүрек сөзі ол.
Іште — өрт.
Тілден шықса — алау.
Ақынның жаны, өзі ол.
Жансын,— деп ақын,— еңбегім.
Өлеңнен өрнек тоқиды.
Бәрібір: тер сен, терме мін.
Жарқылдап жырын оқиды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері