Көңіл күйі – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Көңіл күйі» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3175
Түркістанның көшелері ылғи бақ,
Кеудесінен бұлақ аққан құлдилап.
Жүре берсем, жүре берсем, дариға,
Қыз құшақтап, гүл иіскеп, сыр жинап.
Махаббаттың келеріне кім сенген,
Жаным ада болмай тұрып нұр селден,
Өткізбес пе ем осында кеп жастықты
Қашан ғашық боларымды білсем мен.
Оқасы жоқ оралмаса ол қалсын,
Туған елім өзің аман болғайсың.
Жастығымды қаншама рет сұрасам,
Соншама рет оралтатын сен барсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері