Сақтандыру – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сақтандыру» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1260
Патша-күн, жұлдыз емес,
көртышқан құндыз емес.
Күн-жалын лапылдаған,
жоламас ақылды адам –
күйесің, өртенесің,
өртенсең, сор шегесің.
Көртышқан өлік құмар –
қаныңды сорып тынар.
Сөзімді ұқсаң, барла:
осынау мыс жалғанда
бойыңды аулақ ұста
Күннен де, тышқаннан да!
1999


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері