Бөрілі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бөрілі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1570
«Бөрілі», шыңнан биік өрім едің,
өзіңмен өлшенеді өң-іреңім.
Баталы босағаңнан бастап еді
әлемдік кеңістерге жолын елім.
Санаға сәуле сыйлап, көгіме-Күн,
тақсырлар тайсалатын төрім едің.
Кезсем де қойнауыңды көре алмадым –
«Бөрілі», қайда кеткен бөрілерің?
Көрсем деп көк бөріні кезіп келем,
ойларым ойнақтайды озып менен.
Дүниеде кісі-бөрі көбейгесін
бөрілер кетті ме әлде безіп сенен?
Түңілме: Тарих-төре талдаушы бар,
түбінде әділдікті ардан сұрар.
Бөрінің бөрілігін көрсететін
қойныңда бір бөлтірік қалған шығар!
1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері