Мысық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мысық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2724
Бір күні Бақберді
Алды да дәптерді,
Суретін тышқанның
Айнытпай сап көрді.
Дегендей жатпа енді,
Ойнаңдар бақта енді,
Көрсін деп тышқанды,
Мысығын ап келді.
Тышқанға ол тап берді,
Жалма-жан шап берді.
Жұлам деп жұлынын,
Дәптерді қақ бөлді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері