Сен сұлу

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала,
Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу,
Хош иiстi түрлi-түстi гүл сұлу.
Әдемi аспан – төбедегi көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

Сылқ-сылқ күлiп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерiлген бу сұлу.
Шаңқай түсте өткiр, алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлi сұлу дүниеде,
Бәрiнен де маған, сәулем, сен сұлу!


Пікірлер (7)

дарига

зор шығарылған

Назым

Мағжан Жұмабаев өлеңдері әрқашан біз күн нұрына пара-пар

Уасила

керемет

0001

өте керемет!

сымбат серғазыызы

мағжан жумабаевтын олендеры зын зын

Жас қазақ

Ерболат Құдайберген осы өлеңнен сөздерді алған екенғой

Мағжан Жұмабаев

Ехх, мен тірі болсам..

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен сұлу өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Сен сұлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сен сұлу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен сұлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері