Бұл бетте «Жақсы адамды қадірлеуге» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
08.07.2019
0
0
5606
Жақсы адамды қадірлеуге
көңіл жетпей, ой жетпей,
итереміз жанын жеуге,
толқын жеген көйлектей.
Қара жерге сыя алмастан,
бітіспейміз қан қылмай.
Өлтіріп ап, ұялмастан
жас төгеміз жаңбырдай.
Тіріде сап сан бүлікті,
өлгеннен соң жақтаған.
Ал осы бір заңдылықты
құртар заңың жоқ па, Адам?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі