Бұл бетте «Достар әні» атты Фариза Оңғарсынова жазған достық туралы өлең берілген.
Ақ, қарамыз, сарымыз –
Тату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып
Шырқатайық, кәне, біз.
Жүзімізге қараңыз –
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат анамыз.
Күннің нұрын сүйеміз,
Қырдың гүлін сүйеміз.
Бізді ойнатып тәтелер
Күлдіргенін сүйеміз.
Балдырғанбыз арай жүз,
Бал-бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерде
Көп болғанын қалаймыз.
Таласпаймыз біз бірақ,
Отырмаймыз тұнжырап.
Қуысамыз көгалда,
Жүгіреміз құлдырап.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі