Тоғжанның әні – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тоғжанның әні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1459
«Бола алмадым сенің жарың»…
Абай.

Бөленгендей аспан нұрға
Күй кешкенмін күнілгері.
Жанарыңнан жасқандым да,
тұла бойым дірілдеді.
Әндей баурап үнің мені,
әлі есімде – бір қарадым.
Әрең тұрған жүгіргелі
жүрегімді тыңдамадым.
Мұнша жақын кім едіңіз?
Махаббат па әлде үміт пе?!
Сездім сонда-ақ жүрегіміз
табысқанын мәңгілікке.
Қарауылда… көктем еді…
Қауышқан сәт… үнің, демің…
Сол кеш үшін сөкпе мені.
«Айым» дедің, «Күнім» дедім.
Қаншама жыл… татып келем
қасіретімнің шекер-балын.
Шын макхаббат уақытпенен
өлшенбейді екен, жаным.
Жаңбыр, шуақ арасында
өтті жылдай түнім кей күн,
теңеп сені бар асылға,
«Абайым» деп күбірлеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері