Қарлығаш әулие – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қарлығаш әулие» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қағылды зор қоңырау, күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен
Қазақтың даласына білім келді.
Кім қаққан, аты-жөні кім қоңыраушының,
Даланың дүбірлеткен қойнау, шыңын!

Қалың ел, қара қазан, сары баланың
Қашағы арын, қамын ойлаушы кім?
Сол сұрақ қоңырауға қосып үнін,
Бар қазақ аспанында ұшты бүгін.
«Ыбырай!», «Ыбырай!» деген жалғыз есім
Туған жер таза ауасын, құшты қырын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері