Арасанның иесі - Сарбас жылан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Арасанның иесі - Сарбас жылан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1868
«Арасанның иесі - Сарбас жылан», –
Естігенде осыны қалмас шыдам,
Қан салқындап, жүрегің баяу соғып,
Деп тұрғандай миың да:
«ал, қаш, бұдан!».
Шипалы су шыққалы осы маңнан,
Сарбас жылан сол жерге көшіп алған.
«Садақаны көп берсе сауықтырып,
Сараңдардан қақсатып өшін алған».
Көп заманға осы аңыз кеткен тарап,
Әлі күнге шалдар бар күткен қарап,
Сарбас жылан бірақта оралмаған,
Әкеткелі бір сотқар шекпенге орап.
Бар жақсының қашанда ел иесі, –
Елге ғана бұйыру ер үлесі.
Болған оның әмәнда, болады да
Әзі ардақтап табынар әулиесі.
Сол әулие кеткесін, ырыс қашпақ,
Көрінген жын иектер жұртты ластап.
Иесіз де киесіз ел болмайды –
Жүру керек тек соны дұрыс бастап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері