Өлең, жыр, ақындар

Далада

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3118
Дала, дала, қай дала?
Бүгінгі дала - кең дала.
Бүгінгі дала - өр дала.
Далаға шығам, таңданам
Ың-жың қимыл айнала.
Өр даланы өзгертіп,
Шыңын тіліп торқалан
Жүрген мынау қай бала?
Көрдім терең ойлана,
Емес сары айдала!
Дала, дала, кең дала,
Бүгінгі дала - өр дала,
Өр далада кең қала.
Кең даланы қоршаған
Құмы торқа, қойны нұр
Eгiс теңіз айнала.
Дала, қала жалпақ, жұрт,
Анда-санда кездесер
Қуылған безген бір қара.
Айдалып жатыр талайы
Бір қара емес, бір ғана.
Жұрт та, мен де майданда
Жатқан жан жоқ жайлана.
Дала, дала, қай дала?
Дала еңбекке - бай дала,
Дала екпінге - сай дала,
Тракторлы, өгізді
Шығыпты жұрт аңдағай
Соқалылар сайлана.
Күндіз көкте күн ғана,
Түнде күміс ай ғана.
Дала сұлу, жел тынық,
Көшеді шұбап шарпы бұлт
Жылжып қана, жай ғана.
Дала жібек көк дала,
Далада еңбек қайнаған.
Жөңкіп аққан жүйрік су
Егістікке бет бұрған,
Толқынын толқын айдаған,
Дала - eгic, дала - гүл.
Дала майдан - дала жыр.

1931


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Далада өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Далада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Далада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Далада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері