Бұл бетте «Неге өспейміз, бауырым, білесің бе!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған бауыр туралы өлең берілген.
Неге өспейміз, бауырым, білесің бе!
Пәтуәміз озбайды күресіннен.
Тұлпар топқа түскенде жабы қосып
Жарбаңдауды берген ғой үлесіңе.
Ауылыңа ауып алдымен ықыласың,
Көлденеңдеп алдына жығыласың.
Оған қимай, не өзің топ жара алмай,
Батыр ашша балта ұстап тығыласың.
Адамдығың аса алмай бір басыңнан,
Аса қалса, табылып жолдасыңнан...
Қыр басына шықпайсың жарылсаң да
Жаға жыртар жау тауып ұрғашыдан.
Үкілеумен болмайды жабы тұлпар,
Әсте шынар болмайды жыңғылда тал.
Жабыларға жал бітсе, көрген күнің
Осы болар, ағайын, не амал бар!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі