Бір үміт, бір өкініш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бір үміт, бір өкініш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1297
Саба-саба
Ақ бұлттар жатқан
Алатауға
Ұшқым келiп тұрғаны-ай
Сол ақ бұлттардың
Бауырына
Тұмсығымды тығып жiберiп
Зәмзам суларын
Iшкiм келiп тұрғаны-ай.
Қампиған
Қарындарын жарып
Қақ тiлiп iшсем ғой;
Шөлiм қанбай қалардай
Шашалып-қақалып,
Аптығып iшсем ғой.
Iшiп-iшiп –
Жаным мен көңiлiмдi! –
Көл қылып тастасам.
Менiң жаным
Туғаннан өрт қой,
Сол өрттi
Бұлттардың суымен
Сөндiрiп тастасам.
... Бiрақ мен бәрi бiр
Ұша алмай өтем ғой.
Таудағы бұлттардың суын –
Бұл ғұмырда! –
Iше алмай өтем ғой.
Өкiнiштi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері