Жолда тас жатыр! – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Жолда тас жатыр!» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 799
Еңсе де жанарыңа сұрақ, күдік,
Өмір өтіп барады жылап, күліп...
Қызықсың-ау, о, адам, жолдарыңнан
Қозғамадың сол тасты құлап тұрып.
Иіліп көтермедің қырын қарап,
Болғасын бірің бала, бірің дана.
Тірліктің жолындағы сол бір тасқа,
Екі қабат күйімен сүрінді АНА!
Тасжатпай,
Жол ашылса гүл шағыңда,
Батар ма ең,
Батпас едің мұнша мұңға...
Аңсыз тасқа сүрінген АНА-өмірдің,
Мертікті бір тіршілік құрсағында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері