Қилы заман
Ертеден ұлан байтақ кең даланы "қазақ" атты ұлы халық мекен еткен. Халықтың тарихы жайында сыр шертпеген, жыр төкпеген ақын кемде-кем. Менде осындай халқымның тарихы жайында жыр төккен бейбіт заманның, ұлы даланың ұланымын!
Не көрмедің қилы заман қазағым
Дәмінде татып көрдің ғой қанды азаптың.
Азаппен келген, еңбекпен келген таз далаң
Шертіп жатыр өткен күннен хабарын.
Түркілердің ұрпағымыз көк бөріден тараған
Түркілердің найзасынан ешкім аман қалмаған.
Елдің қорғап тыныштығын талай таңды атырған
Біз түркіміз, қанымыз бір, жанымыз да бір болған.
Жалғасы ғой Қазақстан "қазақ" атты хандықтың
Бұл хандығым бастауы болған бақыттың.
Керей менен Жәнібектің еңбегі өткен еленіп,
Салған іздер сайрап жатыр беттерінде тарихтың.
Күндер қанша " Елім-ай" деумен зарлаған
Көз ашпаған жетім жесір зарынан.
Қанша батыр елдің тіктеп еңсесін
Жанын сақтап бұл қазағым аман қалған.
Қазағымның арасына салды талай іріткі
Бағындырмақ болып жерге көз тікті.
Мына орыс басынып талай қазақты
Ұйып тұрған бірілігін елдің бұзыпты.
Қолдан жасап арам орыс аштықты
Қанша қазақ шекарадан асыпты.
Арылмады ел басынан зарлы күн
Қайран елім бұл күнгеде шыдады.
Елі үшін құрбан болды қанша жан
Көзін ашу қараңғы елдің арман болған.
Жазықсыздан жазаланды зиялысы алаштың
Көре алмады қайран жұртым жарық күн.
Күннің жүзін бұлт қаптаған кездер өтті қаншама
Бұл қазағым тайсалмаған соғыс оты жансада.
Елі үшін, жері үшін жанын олар пида ғып,
Төтеп беріп қан майданның лапылдаған отына.
Тәуелсіздік болды арманы қазақтың
Қарлы күні талайын көрді азаптың.
Елі үшін шыдап бақты Желтоқсанның желіне
Жарық жұлдыз жарқ етті ғой бір сәтте.
Сол күннен соң ұлы елге тәуелсіздік орнады
Қарыштады қазағымның атағы.
Жете алмаған бейбіт күнге ұл-қыздар
Ел жадында мәңгі бақи қалады.
Ұлы сөз, ұлы халық қазақ дер ем
Қазақты өзге жұрттан ғажап көрем.
Сақтаған ділін, дінін, тілін бұзбай
Бұрса дағы өзге жолға еш көнбеген.
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі