Тіршіліктің сияқтанып жүрегі
- 0
- 0
Тіршіліктің сияқтанып жүрегі,
Күн нұрымен жүз құбылып реңі.
Күзгі желмен ұшпай, жерге ілініп,
Жалғыз жапырақ тал басында тұр еді.
Бұл бетте «Жалғыз жүрген аққуларды көрмедім» атты Гүлбар Муфтахова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тіршіліктің сияқтанып жүрегі,
Күн нұрымен жүз құбылып реңі.
Күзгі желмен ұшпай, жерге ілініп,
Жалғыз жапырақ тал басында тұр еді.
Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан,
Бір сөз айттың, болып маған қарап, таң.
«Мүсініңді былш-былш ұрып балшықтан –
Жасағандай ерініп бір жаратқан».
Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім,
Күйген ерін... біртүрлі күйге енемін.
Сыртыңнан ғашық болып, кездескенде,
Көзіңе қарай алмай, именемін.
Болжайды сезіп, нені ішің,
Тыныс ап, кеудең кеңісін.
Құпия, жұмбақ қиындау,
Өмірім болар сен үшін.
Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын.
Көп адасып, өзіңді тапқандаймын.
«Сенен өзге ешкімді сүймедім» деп,
Ант ішпеймін, алдыңда ақталмаймын.
Үздің бе, үміт сен менен,
Ертегім болған ертеңім.
Тербетер ерке желменен,
Жүректі нәзік желкенім.
Айша
керемет