Үздің бе, үміт сен менен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үздің бе, үміт сен менен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Үздің бе, үміт сен менен,
Ертегім болған ертеңім.
Тербетер ерке желменен,
Жүректі нәзік желкенім.
Құм болар, сәтте тау көңіл,
Табанын тіреп жерге шың.
Саусағы басар сәуленің,
Толқынды уақыт пернесін.
Айдынға сынып батады ай,
Толқынға емес тұншығар.
Боздаған жетім ботадай,
Кеудемнен қобыз үн шығар.
Тартқандай салқын, енді өмір,
«Тамаша» десе сенбеймін.
Жер көлеңкесіндей менде бір,
Ай бетіндегі меңдеймін.
Өзің біл, келме, кел мейлің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері