Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан,
Бір сөз айттың, болып маған қарап, таң.
«Мүсініңді былш-былш ұрып балшықтан –
Жасағандай ерініп бір жаратқан».
Тұрады өмір үміт пенен аңсаудан,
Аңсауменен қара тауды қар шалған.
Күн көзіндей қызуыңмен қыздырып,
Сенсің, алғаш саз балшыққа жан салған.
Қапырықта тұншығамын, тұнжырап,
Енді бізге кездесетін күн жырақ.
Өзің салған қайтара алмай жаныңды,
Тасқа қарап, тас қыз іштей тұр жылап.
Кеше бірге ек... енді бүгін басқамыз,
Өміріміз құпия сыр, жасқа, аңыз.
Өзің барда балшық едім... түбінде
Табысармыз, айналғанда тасқа біз...
Екі баста екі дүние, басқамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері