Сөз басы – Адонис

Бұл бетте «Сөз басы» атты Адонис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірде менің бала бейнем, бал шағым,
Іздеп келіп, үнсіз жанар қадады.
Сөзге ермеген серуенде қанша күн,
Сыр ашпады сол бір жұмбақ жамалы.
Арамызда – тыныштыққа тұнған мұң,
Теріс аққан өзен сынды қадамы.

Біздің сонда ажырамай бастан бақ,
Бір болмысқа тұтасады жан сыры.
Ақ парақтар желге ұшқанда аспандап,
Тəн екіге жарылады жаншылып.
Жерді сызған ормандардан басталмақ,
Алуан түрлі бояулардың маусымы.

Балақаным, бір кездері дос болған,
Бізді қазір қандай себеп байлайды?
Кім біледі, нендей тағдыр тосты алдан,
Уақытқа айтар арзуымыз қандай-ды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері