Қолданыста болған жүрек қ/б, диалог
Қолданыста болған жүрек қ/б
-Сәлеметсіз бе!
-Сәлемет болсын, кім едің?
-Жарнама жайлы, өзіме жүрек іздедім.
Беремін депсіз, жақсы бір жанға ақысыз.
-Ия, бірақ қ/б, жақсы адам болсаң беремін.
-Қ/б деймісіз?
-Ия, сүйген үш жыл, тоқтамай.
-Үш жылың ұзақ, неге ұсынасыз, бұл қалай?
-Алдыңғы иесі мақсатсыз оны қолданған,
Тоздырды ойнап, жараланса да қарамай.
...Жүрегім сынық, таңылған жері қалмады.
Жаным да жыртық, жамаудың үстін жамадым.
Жаралы көңіл, қажеті болса біреуге
Ұсынар едім, кім бірақ қ/б алады?
-Қалайша сынық, жөндеуге апарып көрдің бе?
Не дейді олар?
-Келмейді екен жөндеуге.
-Қалпына келмес қажеті кімге жүректің,
Жарнамаңызды бола ма олай беруге?
...
-Әлемде мынау, бір жан бар, бір күн келетін,
Жүрегімді осы сынықтан құрап беретін.
Махаббаты мен уақытын жұмсап сол үшін,
Екінші өмір сыйлайтынына сенемін.
-Жақсы, дайынмын. Тырысып көрем, сенсеңіз.
Оңайға көнбес, сондада жөндеп көреміз.
Тірілтіп алсам, тұрарлық болса ебегім,
Сүйе алады, деп, қайтадан, кепіл берсеңіз.
-Қағып тұр, әлі...
-Бір шарт бар депті жарнама,
Жүрегіңізді қолына алған жандарға.
-Ия солай, дедім. Маңызды еді мен үшін
Сендіріп мені, ант берсе жара салмауға.
-Ант ету қайда, болашақ болжап көрер кім?
Ғажабы менен азабы жұмбақ келер күн.
Бірақта сіздің жаралы жүрек орнына
Өз жүрегімді, кіршіксіз таза берермін.
-Келістік, жақсы!
-Маған жа ұнады келісім.
-Жолықсақ ертең? Дайын ба берер жүрегің?
-Ия солай, дайын. Сүйемін сені, аман бол.
-Өзің де сау бол, ертеңге дейін сүйгенім...
Бура-Найман
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі