Ауылды сағындым – Абдилов Серик Ашимович

Бұл бетте «Ауылды сағындым» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жусан иісі аңқыған ауылға барам,
Қалада емес бауырым ауылда қалам.
Көк майсасын ауылдың бәрін сағындым,
Көк шалғанға аунайын ауылда болам.

Көктем шықса аңқыған әдіраспаны,
Бұлт көшіп мөлдіреп ашық аспаны.
Ауылымды сағындым қара шалдарды
Аман бекен бәрінің балапандары?!

Малды қилы ауылым жанымды өртеп,
Қәне жаным бауырым бұлақты көрсет.
Таң бұлақпен мың бұлақ мөлдіреп ағып,
Қойларыда маңырап жылқы кісінеп.

Ақсақалдар абыздар армысыңдар,
Шежірелер тарихтар бармысыңдар.
Біраз болды ауылға бармағалы
Көне көздер қариям қарашалдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері