Болжайды сезіп, нені ішің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Болжайды сезіп, нені ішің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Болжайды сезіп, нені ішің,
Тыныс ап, кеудең кеңісін.
Құпия, жұмбақ қиындау,
Өмірім болар сен үшін.
Көзімнен соңғы жас тамған,
Айымды таппай аспаннан.
Таусылып бәрі, сен үшін –
Дәптер ем жаңа басталған.
Жұлдыздай ағып, сөнді арман,
Алданған бағыт, жолдардан.
Көретін сәулем сен бе едің,
Демімнен менің соңғы алған.
Әлдилеп үміт, басқа арман,
Үзілер тамшы, жас талдан.
Өткенді өртеп, мен үшін
Дәптерсің жаңа басталған...
Өткізбей қойды өткел көп,
Үзілер тамшы, жас талдан.
Өткенді өртеп, мен үшін
Дәптерсің жаңа басталған...
Өткізбей қойды өткел көп,
(Еріген тоңы көктем боп)
Бағынан бұлбұл сайратып,
Мен саған әлі жеткем жоқ.
Өткенге бірақ өкпем жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері