Тіршіліктің сияқтанып жүрегі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тіршіліктің сияқтанып жүрегі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 602
Тіршіліктің сияқтанып жүрегі,
Күн нұрымен жүз құбылып реңі.
Күзгі желмен ұшпай, жерге ілініп,
Жалғыз жапырақ тал басында тұр еді.
Жапыраққа қызығатын тас мына,
Оған аспан, ай мен жұлдыз, бас куә.
Дәурені өткен, жылап жатыр сарғайып,
Құлап түсіп енді аяқтың астына.
Керек етпей аласаның аяуын,
Дірілдейді, шығарғандай баяу үн.
Бәйтеректің басындағы биікке –
Қайтара алмай жастық жасыл, бояуын.
Оралмайды, әсем-әлем, арман шақ,
Жүрегіне бере алмайды жел жан сап.
Көктемімді көкірегіңде көктеген,
Жылап ұштым, сол жапырақтай, мен де аңсап.
Қуып шетке, уақыт желдей еседі,
Көш керуен көшелермен көшеді.
Терегіме талпынамын жете алмай,
Бүгін жер боп биіктегім кешегі?
Жарық дүние, жапыраққа ұқсап көшеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері