Өктемге – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өктемге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 610
Менi «үп» деп
Ұшырып жiбергiң келедi, –
Қураған
Жапырақ деймiсiң.
Менi
Жермен жексен қып
Тегiстеп тастағың келедi, –
Үйiлген
Топырақ деймiсiң.
Байқа!
Ұмтылсаң –
Жерге «бұрқ» еткiзiп
Тындыра саламын.
Сiлтеген қолыңды
Шырпыдай «бырт» еткiзiп
Сындыра саламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері