Асықтым – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Асықтым» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Тұрғандай-ақ төзе алмай
Жүрегі аңсап ғашықтың,
Жеріме туған, көз алмай,
Сағына бір күн асыппын.
Елдің шаттық тасытқан
Есігін жырмен ашыппын!
Сайрап, таңға қосып таң,
Құмына төсім тосыппын.
Деп ем: «Мұнда асықпан,
Демен сенен қашықпын».
Білмеймін, неге асыққан
Мауқымды тез басыппын!?
Келді ме жазғым әлде жыр,
Қалды ма жұмыс үйде бір,—
Баруға қанша асықсам,
Қайтуға сонша асықтым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері