Мен барғанда – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Мен барғанда» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 747
Мен барғанда ауылға
Жасыл тоғай, құмдарда
Жауын да жоқ, дауыл да,
Жап-жайдары тұрды Орда.
Көк қарағай, тал шыбық
Маған мойын бұрғандай,
Күтіп алды шаншылып
Сағына сапқа тұрғандай.
Орманына Орданың
Орағытпай келдік құп,
Деп бір кемпір:
— Қарағым,—
Қолын көзге күндік қып,—
Хош келіпсің! Міне елің,
Қона жатып көрерсің,
Сен де өсіпсің, бала едің,
Біз қартайдық не дерсің?!.
Сонда сездім талай жыл
Шалғай жүріп ауылдан,
Жас та жылжып, талай жыр
Тұрғанын күтіп мені алдан.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері