Өсейік гүлдей қосылып – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Өсейік гүлдей қосылып» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 858
Хош келіпсіз, меймандар,
Аңсап алыс Дунайдан,
Астығым бар, алмам бар
Көр дәулетті молайған.
Келгеніңіз сіздердің
Кербез күздің мезгілі,
Ақ нанымен тың жердің
Күтеді қазақ ізгі елі.
Біздің Алатау биік
Сәлем алып Карпаттан,
Ауасы тұр бал құйып,
Аймағымен гүл атқан.
Сіздің келген жеріңіз
Самалы салқын Балқан тау,
Елді де біздің көріңіз,—
«Балқан да біздің барған тау!»
Балқанда қалған кешегі
Ізіне соғыс жосылып,
Өсті гүл, тағы өседі,
Өселік гүлдей қосылып.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері