Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тағдыры

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 658
Қазақтың тағдырын
Ойлап қарасаң
Өз өзiңнен түршiгiп,
Өз өзiңнен тоңасың:
Оның өткен жолы да,
Бүгiнгi жолы да,
Тiптi ертеңгi жолы да
Тар жол тайғақ кешулi
Боран мен борасын.
Зорға ашасың
Тарихтың әр бет,
Әр бiр парағын, –
Өйткенi оның
Әр бет, әр бiр парағы
Тонна-тонна
Ап-ауыр
Қайғы мен
Тонна-тонна
Ап-ауыр нала, мұң.
Мына қу тағдыр
Бұл халықты
Балшықтай езiп,
Жүндей түтiп
Жасытқан секiлдi...
Тiптi оның–
Жейтiн нанын да! –
Жаңбырдай сорғалаған
Көз жасына илеп,
Булыққан
Ашу мен ызасына
Ашытқан секiлдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлтпен соқтығысқанда

  • 0
  • 0

Мен кенеттен
Алатаудың басында
Қап- қара бұлтпен
Соқтығысып қалғаным.

Толық

Беріктік

  • 0
  • 0

Менi, қазақты, –
Жан-жағымнан анталап! –
Құртқысы келдi.
Дүкендегi матадай –

Толық

Еңбек

  • 0
  • 0

Бiледi, бiледi оны терлеп көрген,
терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адаммен бiрге туып басталады ол
талпыну,

Толық