Жүгірші, балапандарым – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жүгірші, балапандарым» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2422
Жүгірші, балапандарым,
Қыр қандай, мынау ой қандай,
Қаладан шығара алмадым,
Қапшыққа салып қойғандай!
Сендердің табандарыңды
Көк шалғын сүйіп көрмеген,
Көтердім обалдарыңды –
Апармай туған жерге мен.
Қадірлі қайран топырақты
Ұстай да жүр - деп есіңе,
Үш бірдей жасыл жапырақты
Қондырдым, жерім, төсіңе.
Самалда самғап жамырап
Шабындар, кәне,
бағландар.
Ак бесік, алтын шаңырақ,
Өзіңде жүрсек не арман бар?
* * *


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері