Өлең, жыр, ақындар

Жәмила қыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 1
  • 7731
Қатыны өліп Бекіштің,
Қызы бар деп Төкіштің
Іздеп келді алыстан.
Бұрыннан де емес жат,
Құдандалы қат-қабат,
Талай сүйек алысқан.
Жасы қырық-отыз арасы,
Бар жиырма-отыз қарасы.
«Қыз бермеймін кәрі» деп,
«Қатыны өлген әрі» деп,
Беттетпеді Төкіш бай,
Қыз құша алмай қойнына,
Су сорғалап мойнына,
Үйге қайтты Бекіш жай,
«Жүзге малы толмаған,
Жексұрын ғой оңбаған».
Сақалының ағы бар,
Маңдайының бағы бар,
Берден дейтін шал келді,
Оның аты Берден ғой,
Құдай оған берген ғой,
Жәмидлаға дәл келді.
О да қатын іздеп жүр,
Ынта көңлі қыз деп жүр.
«Болса алыңыз қыз керек,
Маған жалғыз Сіз керек»,-
Деп Төкіш бай жалпылдап,
Алпыстағы жасына,
Боз қыраулы басына
Қарамастан қарқылдап,
Уағда қылды, қол соқты,
Әлдекімді сор соқты.
Жәмиласы зарлап жүр,
Көзден жасы парлап жүр,
Кім тиді екен сорлыға?
Жақтырмаған апасы,
«Түк білмейсің, шатасын!»
Деп әкесі болды ма?
Шайтан алсын, шал алсын
Төкең байғұс мал алсын.


Пікірлер (1)

Ескендір

Маган ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жәмила қыз өлеңінің авторы кім?

Сәбит Дөнентаев — осы өлеңнің авторы.

Жәмила қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жәмила қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Дөнентаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жәмила қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері