Таптым – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Таптым» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 802
Ну орманды кездім де,
Алқына бір аттадым.
Алданышқа өзіме,
Еш қызықты таппадым.
Қарасам бір қызыл гүл,
Саяда тұр жарқырап.
Жүзі жанған жұлдыз бір,
Шық көздері — шамшырақ.
Қолымды мен созып ем,
Дір етіп ол тіл қатты:
«Өшкенім бе тезінен,
Түскені ме зіл қатты?
Аядым шық түлегін,
Балбыраған шағында.
Түбірімен жұлдым да,
Әкеттім өз бағыма.
Орынға бір оңаша,
Орнаттым сол гүлімді,
Өсті гүлім тамаша,
Жайнап нұры бұрынғы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері