Сәт

Бұл бетте «Сәт» атты Назерке Жайдарбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сені өзіммен жерге көміп,
Бір тіріліп,бір өліп
Сүрудемін өмірді сенсіз
Мына тағдырға көніп.

Жүректі мендегі бір еткен
Жұбатар сірә,ешкім жоқ.
Уақытым менің құр өткен
Естелік еріп елес боп.

Басқа жан,неге олай бұл сезім?
Ұмыт болды мұңлы кездерім.
Сол бір минут- мәңгі өмір
Мәңгі бақыт,өзге еш сезбедім.

Сенің көзің түпсіз терең, сұм ғажайып тұңғиық.
Тіл байланды,алғандаймын көмейіме құм жиып
Естен кетпей тәтті үнің,бал ерінің,ендігі-
Кеткенің бе өзекті өртеп,жанарыма мұң құйып?

Бір мүмкіндік келеріне бар үміт,
Еніп тұр түске арагідік.
Бұл ғұмырда көзіңе бір ілінсем
Артыңа қарайлар ма ең бір кідіріп?

Бәрі бітті дегенге сене алмаймын,
Ойымда сен,музам да сен әрдайым.
Кернейді өкініш ойласам өзің жайлы
Жүрегімнің бөлшегін бере алмаймын.

Ұмыттым деп өзімді неге алдаймын,
Кіммен не істеп жатыр деп алаңдаймын.
Автор:өзім


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәт өлеңінің авторы кім?

Назерке Жайдарбек — осы өлеңнің авторы.

Сәт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Назерке Жайдарбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері