Ұзармыз біз қос нүктеге айналып – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ұзармыз біз қос нүктеге айналып» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1410
Ұға алмасам жүрегіңнің жарасын,
Сезім менен махаббаттың арасын.
Шатастырып алған болсақ нетерміз,
Екі жаққа бөлек-бөлек кетерміз.
Қоштасалық қимай тұрып, қия алмай,
Қоштасалық мына жұрттан ұялмай.
Қимас сәттер осы жерде қаласың,
Қия жолдар қиырға алып барасың,
Екеумізден қалсыншы бір естелік,
Кезекшідей кеткен түнде тексеріп.
Қоңыр кеште ақ самал боп есілсем,
Еркелетпей, өкпелетсем кешір сен.
Ұзармыз біз, тағдыр кетер қайда алып,
Бірте-бірте қос нүктеге айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері