Күзетте – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Күзетте» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1387
(аударма)

Бас имей келем тағдырға,
Еркіндік - менің бар әнім.
Ол - көкте, әлем алдында,
қадайды маған жанарын.
Белгілі барлық ісім де,
қылмысым да аян бір соған.
Тұманды түнек ішінде
жарық боп әлем тұр содан.
Қылышын сүйеп қарайды:
мендегі қиял, тәтті арман,
ұятым, ісім талайғы –
жадында бәрі сақталған.
Қылышын ұстап көлденең,
бір күні маған жетеді:
әр ісім үшін ол менен
жауабын талап етеді.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері