Қарлы шарап – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарлы шарап» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1235
(аударма)

Шыныдан шарап іркілген
жарқ етіп өзің тағы да,
күнәсыз келбет, күлкіңмен
қорқыныш кұйдың жаныма.
Жүректе бір кез орнап ең,
оралдым ұмыт сағымға.
Жүргендей сездім сонда мен
ақ түтек боран маңында.
Өзің боп мендік бар арман,
сыңрырлап күлдің сескенбей.
Құлпырған күндыз жағаңнан
мен жаққа дауыл ескендей.
Шаттанам естіп наз үнді,
жеңіске жеткен жандайын.
Сонау бір кылық, назыңды
есіме қалай алмайын?

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері